Шығыстағы археологиялық жәдігерлер мұражайға берілді
Шығыстағы «Ақбауыр» тарихи кешенінен табылған жәдігерлердің жартысы Сәрсен Аманжолов атындағы университет мұражайына берілді. Жыл сайын қазба жұмыстары нәтижесінде көне қорымнан қола мен ерте темір дәуіріне жататын көптеген жәдігерлер табылып келеді. Археолог ғалым Зейнолла Самашев Ақбауыр аумағын соңғы 20 жылдан бері зерттеп келеді.
Ғалымның айтуынша, жалпы осы өлкені қоныстанған Сақ тайпалары заманында тек мал шаруашылығымен ғана емес, егіншілікпен және кен өндірумен де айналысқан. Оған бүгінге дейін табылған артефактер дәлел. Кенді өндіріп қана қоймай, тұрмысқа қажетті бұйымдар соққан. Қазір археолог ғалымдар жалпы Шығыс Қазақстан археологиясының екі томдығын дайындап жатыр.
Зейнолла Самашев, археолог:
Бұл өте құнды ескерткіш. Сондықтанда бұл жердегі зерттеуді, қазба жұмыстарды жалғастыра береміз. Себебі 10 жыл өте ме, 20 жыл өте ме, осының бәрін аяғына дейін жеткізуіміз керек.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22