Республика күніне орай Астаналық куберлер мемлекеттік ту мен Қазақстан картасының бейнесін рубик текшелерінен құрастырып шықты. Паноны салу үшін 3 мың текше қолданылды. MEGA Silk Way сауда – ойын-сауық орталығына келген көрермендердің айтуынша, креативті жоба ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Салмағы 500 келі болатын картинаны куберлер 8 сағатта құрастырды. Республикалық спидкубинг федерациясының мүшелері MEGA Silk Way сауда – ойын-сауық орталығына келген жастар мен балаларға шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Шыңғыс Қайырылбаширов – Республикалық спидкубинг федерациясының мүшесі:
Республика күніне орай Мега силк уэйде 6 жігіт болып қазақстан туын кубик рубиктен құрап жатырмыз. 1-40 біздің мақсатымыз еліміздің туын, елімізге қатысы бар суреттерді құру арқылы көрермендердің патриоттығын оятамыз деген ойдамыз.
Шара көрермендері куберлердің ұшқыр ойы мен шапшаң қимылына тәнті болды. Олардың айтуынша Республика күні дәл осындай шараның ұйымдастырылуы халыққа мерекелік атмосфера сыйлайды, жастардың елге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Гүлзима Ибрагимова:
Бізге өте қатты ұнап жатыр. Осындай мегада бүгін іс-шара өтеді деген соң, біздер көруге келдік. 3 мың кубиктен жиналады деді. Өте қуаныштымыз жастардың бойында осындай патриоттық сезім барына. Керемет біздің жалауымызды жинап жатыр екен.
MEGA Silk Way сауда – ойын-сауық орталығында өткен ерекше көріністі 10 мыңнан аса адам тамашалады. Куберлердің өнерінен соң, шара мерекелік концертке ұласты.
Аида Ахметбек