Өзбекстандағы сайлаудың алдын ала нәтижесі белгілі болды
Өзбекстандағы сайлаудың алдын ала нәтижесі белгілі болды. Парламентке 5 бірдей партияның өкілдері өтті. Олий мәжілістегі 150 мандаттың 64-і либералды-демократиялық партия мүшелеріне бұйырды. Екінші орында «Миллий тикланиш» партиясы. Бұл саяси ұйым 29 мандатқа ие болды. Өзге орындарды қалған үш партия өзара бөлісті.
Алдын ала қорытындыға сай, дауыс беруге электораттың 74,72 проценті қатысқан. Прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, дауыс беру кезінде айтарлықтай заң бұзушылық анықталмады. Сайлау барысын 850-ден астам шетелдік байқаушы Қадағалады. Еске салайық, бұл жолғы сайлау тұңғыш рет аралас жүйе бойынша өтті.
Жақып Асанов, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары
Өзбекстан халқы сайлауда бір кісідей дауыс беріп, саяси додаға белсенді араласты. Бірқатар учаскені аралап, соған көз жеткіздік. Бұл мемлекетте заң шығару палатасы қайта жасақталып, жергілікті кеңестер құрамы жаңарды. Бес бірдей партия қатысқан саяси науқан қоғам дамуының өзгеріп жатқанының тағы бір дәлелі.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда мұз жұқарып, балықшыларға ескерту жасалды
13.03.2026, 09:52
«Қазгидромет» 13 өңірде ескерту жариялады
13.03.2026, 09:39
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта
13.03.2026, 09:10
Жаңа Конституция жобасы – ел дамуының жаңа бағыты
12.03.2026, 20:58
Жаңа Конституция жобасы кемел келешектің кепілі
12.03.2026, 20:57
Ислам Республикасының жаңа жоғарғы жетекшісі алғаш рет мәлімдеме жасады
12.03.2026, 20:54
LRT жолақысы 200 теңге болуы мүмкін
12.03.2026, 20:53
Референдумға қатысу үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалады
12.03.2026, 20:51