Қостанай облысы тұрғындарының коммуналдық қызметке берешегі 1 млрд теңгеден асты
Қостанай облысы тұрғындарының коммуналдық қызметке берешегі 1 млрд 67 млн теңгеден асты. Оның басым бөлігі жылуға тиесілі. Қарызды өндіріп алу үшін жылу энергетикалық компаниясы жаз бойы әкімдік, құқық қорғау органдарымен бірге рейд ұйымдастырды. Ескертуге құлақ аспағандарды заң арқылы мәжбүрледі.
Нәтижесінде дебиторлық берешек біршама азайды. Алайда қалып отырған қарыз әлі күнге қомақты. Тек қана облыс орталығы тұрғындарының жылуға берешегі жарты миллион теңгеге жуық. Борышкерлер ісі бойынша сот орындаушыларына жіберілген 251 шешімнің осы күнге дейін тек үштен бірі ғана орындалған.
Дәурен Асқаров, Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Биылғы жылдың бірінші қазанындағы тұрғындардың коммуналдық қарызы, былтырғы кезеңімен салыстырғанда 130,2 млн теңгеге көп. Коммуналдық қызметтер үшін берешекті азайту жөніндегі жұмысты жандандыру қажет. Бұл кәсіпорындарға энергия ресурстары үшін есеп айырысуды уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
ЖИ ұстазға пайдалы, ал оқушыға ше? СhatGPT-ден көшіріп, тапсырма орындау үрдісі
04.10.2026, 18:33
Бөліп төлеуге қатысты қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
04.10.2026, 18:02
Кітап оқып, 10 млн ұтып ал: Марафонға 1,3 млн-нан астам адам тіркелген
04.10.2026, 17:48
Баспана сатып аларда нені ескеру керек?
04.10.2026, 17:10
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25