2024 жылдың алғашқы сегіз айының қорытындысы бойынша қытайлық автоөндірушілер Ресейге 705 мыңнан астам автомобиль экспорттады. Елде санкция салдарынан көлік жетіспейді, бағасы 200-300 пайызға дейін қымбаттаған.
Ресей нарығындағы Қытай көлігі 27 пайызға артқан. Нарықтағы жаңа көліктің орташа құны 3,5 миллион рубльден асады. Сарапшылардың пікірінше, қытайлық автомобильдер 2024 жылдың соңына қарай 300 мың рубльге қымбаттауы мүмкін.
Николай Иванов, сарапшы:
Нарықта ұсталған болса да Еуропа көлігі қымбаттап кетті. Өйткені азаматтардың тарапынан сұраныс жоғары. Себебі шетелдік маркалы көліктер енді елге кіргізілмейді.
Осы жылдың қазан айынан бастап утильалым 70-80 пайызға өсті. Сондықтан автонесиелеу бірден 15 пайызға қысқарған. Ал 90 күнге дейін мерзімі өткен автокөлік несиесі бар ресейліктердің саны 30 мың адамнан асты.
Андрей Каменский, сарапшы:
Әзірге қоймада көлік бар, сондықтан несиелеу жалғасады. Алайда көлік таусылған кезде жағдай қиындауы мүмкін.
Өзге мемлекеттермен алыс-беріс үзілгелі Ресейге көлік, ұшақ жөндейтін құрал-жабдық жеткізілмейді. Бұл да автомобиль өндірісінің құлдырауына сеп болды.
Индира Бегайдар