Астанадағы қарттарға құрмет көрсетілді
Республика күніне орай еріктілер қарт кісілерге құрмет көрсетіп, дастархан жайды. «Елорда аруы» дарынды жастар алаңы мүшелері үлкендерге құрмет көрсету үшін Астанадағы қариялар үйінде сенбілік өткізді. Сондай-ақ азық-түлік себеттерін жинап, қажетті әрі пайдалы өнімдер жеткізді. Егде жастағы кісілердің көңілін көтеру үшін шағын концерт ұйымдастырып, олармен тілдесіп қайтты. Волонтерлер алдағы уақытта да тағы бірнеше оңалту орталығын аралап, қолдан келген көмегін көрсетпекші.
Диана Төлеубекова, волонтер:
Бүгінде біз осы іс-шараны өткізіп жатырмыз. Сенбілік өткізіп, маңайды жинастырып, барлығына көмектесіп жатырмыз. Қарттар үйіне келдік. «Қариясы бар елдің - қазынасы бар» демекші әрбір қарттың айтатын тарихы, бізге үйрететін тәжірибелері бар.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04