«Қалбатау – Майқапшағай» тас жолының сапасы бақылауда
Абай облысындағы «Қалбатау – Майқапшағай» тас жолының 184 шақырымы жақында қолданысқа беріледі. Құрылысы 7 жыл бұрын басталғанымен, отандық мердігердің жауапсыздығынан аяқсыз қалған еді. Қазір жұмысты Қытай компаниясы жүргізіп жатыр. Тас жолды жөндеуге бюджеттен 107 млрд теңгеден аса қаржы қарастырылған.
Қазір онда 400-ден аса техника мен 700-ден астам маман жұмылдырылған. Ал жұмыс сапасы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» қатаң бақылауында. Барлық құрылыс материалдарын сараптамадан өткізіп, талапқа сай болуын қадағалап отыр.
Жандос Ағалиев, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының сарапшы маманы:
Жолдағы жұмыс көлемі 184 шақырымды қамтиды. Оның 40 пайызы істелді. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың сапасын, инерттік материалдардың сапасына қатысты 108 тексеру жүргізілді. Ондағы анықталған ақаулардың 40 пайызы жойылды.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл елімізде алғаш рет қазақы тазы күні аталып өтті
06.09.2026, 20:00
Ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау туралы заң: Неге мән беру керек?
06.09.2026, 19:51
ШЫҰ: Президент Бірыңғай транзиттік цифрлық платформа құру бастамасын көтерді
06.09.2026, 19:47
65 жастан асқан жүргізушілер медициналық тексерістен қалай өтеді?
06.09.2026, 18:44
Үкімет Ұлттық қордан қанша қаржы алуды жоспарлап отыр?
06.09.2026, 18:37
Білімін ел игілігіне арнаған қазақстандық ғалымдар
06.09.2026, 18:29
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09