Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған фотоальбом жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған фотоальбом жарық көрді

26.10.2024

Алматыда қазақ әдебиетінің қайталанбас суреткері, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов 47 жыл тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

Жазушы дәл осы үйде 47 жыл тұрған. Сондай-ақ «Әбең әлемі» атты жаңа фотоальбом көпшілікке таныстырылды. «Мұндағы суреттердің басым бөлігі бұрын соңды еш жерде жарияланбаған»,- дейді жинақ авторы белгілі фотограф Сайлау Пернебай. Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдығына арналған конференцияға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Сондай-ақ 100 жылдық мерейтойға орай еліміздің барлық өңірінде іргелі іс-шаралар, әдеби кештер ұйымдастырылғанын айтты. Әлем жұртшылығы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туындылары арқылы қазақ халқының жанына үңіле алды. Классик жазушының шығармаларында өнер мен өмір, тіршілік пен қиял біте қайнасып жатыр, деген ой айтты қаламгерлер.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу