Ұлытауда ұлттық мереке тойланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытауда ұлттық мереке тойланды

26.10.2024

Республика күнінде еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтерілді. Ұлт ұясы Ұлытауда да ұлттық мереке өз дәрежесінде тойланды.

Салтанатты шара Әулиетау етегіндегі «Таңбалы тас» мемлекеттік рәміздер алаңында өтті. Оған Ұлытау облысының әкімі, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты. Елдігіміздің бастауы, егемендігіміз жария болған тарихи күн ұлттық мереке мәртебесіне ие болды. Халқымыз ұлықтаған Республика күнінде көкбайрағымыз желбіреп, әнұран көгімізде қалықтады.

Арман Махатов, Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының бөлім басшысы:

Бүгін киелі Ұлытау облысында Республика күніне орай мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтіп жатыр. Бұл іс-шара республикалық маңызы зор ұлттық мереке. Іс-шара болашақ жастарға патриоттық сезімді және рәміздердің құндылығын түсіндіреді.

Көк ту көтерілген Таңбалы тас нысаны Президент тапсырмасымен салынып, биыл ел игілігіне берілді. Биіктігі 22 метр болатын тұғырда Қазақстан туы орнатылған , ал тұғыртаста елтаңба мен әнұран бейнеленген.


Хабарламаларға жазылу