Стамбұл қаласында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалды
Ыстамбұл қаласында қазақтың дәстүрлі әндері шырқалды. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның әншілері Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаева мен Эльза Қарабалина жергілікті қазақтарға әннен шашу шашты.
Ыстамбұлдағы Бас консулдықтың ұйымдастыруымен өткен шарада қазақтың әр өңірінің дәстүрлі әндерімен қатар түрік әуендері де шырқалды. Атамекеннен жырақта жүрген қандастарымыз әдемі ән тыңдап, елге деген сағыныштарын басып, ерекше сезімге бөленді.
Әбдіуақап Қара, Түркияда тұратын қазақ, профессор:
Түркия қазақтары екі елдің азаматы есептелеміз, осы жерде тудық, осы жердің азаматымыз бірақ қазақ болғаннан кейін Қазақстан азаматы болмасақ та өзіміз сол елдің азаматымыз. Жанымызбен, қанымызбен Қазақстанды сезінеміз. Өте бір толқулы өте сезімтал күшті бір концерт болды. Оның үстіне Сәуле Жанпейісова қазақтың түрлі өңірлерінің үлгілі әндерін, жыраулардың термелерін айтып халықтың делебесін қоздырды. Бүгін Қазақстанның Республика күніне жарасатындай күшті концерт болды.
Сәуле Жанпейісова, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның ұстазы, әнші:
Түркиядағы қазақ бауырларымыз қазақтың өнерін өте сүйеді, өте құрметтейді. Елге сағынышын байқап отырамыз, сондықтан біз де осы кісілердің атамекенге туған елімізге, Қазақстанға деген махаббатын, сағынышын әндерімізбен көрсетеміз. Бұл біз үшін мәртебе!
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
30 елдің дзюдошылары өзара тәжірибе алмасып жатыр
06.08.2026, 20:22
Алматы облысында 22 мыңнан аса тұрғын тазалық жұмысына атсалысты
06.08.2026, 20:20
Астанада жолаушы мінген ұшқышсыз әуе кемесі алғаш рет әуеге көтерілді
06.08.2026, 20:19
Әлем жаңалықтарына шолу
06.08.2026, 20:14
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
06.08.2026, 20:12
Құрылтай: Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
06.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауына дайындық пысықталды
06.08.2026, 20:02
ШҚО-да тамыз айында да аптап ыстық болады
06.08.2026, 20:00