Ұлытау облысында да бірқатар азаматтар «Парасат», «Құрмет» «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында да бірқатар азаматтар «Парасат», «Құрмет» «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды

25.10.2024

Ұлытау облысында да бірқатар азаматтар «Парасат», «Құрмет» «Еңбек даңқы» ордендері және «Ерен еңбегі үшін» «Шапағат» медалімен марапатталды. Өңірдің әлеуметтік -экономикалық және мәдени -рухани дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атанды.

Ұлытау облысының саяси - әлеуметтік дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар азаматтардың еңбектері еленді. Мемлекеттік қызмет ардагарлері, кәсіпкерлер мен өндіріс орын басшылары «Құрмет» ордендерімен марапатталды. Ал өндірістегі жоғары еңбек көрсеткіштері үшін слесарь Әділ Сейітжановқа ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені табысталды. Ғылым, мәдениет, өнер мен әлеуметтік салаға еселі еңбек сіңірген 29 адамға «Ерен еңбегі үшін» және 5 азамат «Шапағат» медалімен ұлықталды.

Дастан Рыспеков, Ұлытау облысының әкімі:

Ұлытау облысы жақын жылдары одан әрі қуатты өңірлердің біріне айналатынына сенімдімін. Өйткені біздің өңірдің топырағында рух пен сенім, жігер дәні жатыр. Құрметті жерлестер! Республика күні құтты болсын. Әрқайыссыңызға денсаулық пен береке мен бейбіт өмір тілеймін.

Еңбегі еленген жандардың ішінде Ғалым Жайлыбай да бар. Ол Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері болса енді Ғалым Жайлыбайға «Ұлытау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Ғалым Жайлыбай, ақын, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері:

Сол азаматтардың арасында өзімде бармын. Ұлытау облысының "Құрметті азаматы" атандым.Осы бір мерекені ерекше бір қуанышпен , үлкен бір көңілді сезіммен сезініп тұрмын.Баршаларыңызға үлкен болашақ пен елімізге жақсылық ж тыныштық тілеймін.

Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын мәдениет майталманы Жақсылық Шохтаев иеленді. «Бірлік» медалімен «Вайнах» этно бірлестігінің жетекшісі Абеуезит Чумаков марапатталды. Сонымен қатар Президент Жарлығына сәйкес 5 көпбалалы ана «Алтын алқа иегерлері атанды.

Жандос Бақытұлы


Хабарламаларға жазылу