Мемлекет басшысы БРИКС+ саммитіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы БРИКС+ саммитіне қатысты

24.10.2024
0:00:00
0:00:00

БРИКС Біріккен ұлттар ұйымының қызметін толықтыра түседі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтіп жатқан БРИКС-тің пленарлық отырысында осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

БҰҰ Жарғысындағы дипломатия мен диалог қағидаттары БРИКС-тің негізгі күн тәртібіне айналды. Ол қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге және стратегиялық тұрақтылықты нығайтуға ықпал етіп отыр. Біз Еуразияның тең әрі біртұтас қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты Ресейдің тұжырымдамасын жоғары бағалаймыз. Оның түп негізінде өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту арқылы геосаяси қысымды төмендету ниеті жатыр. Қазақстан Қытайдың халықаралық тұрақтылықты сақтау, егемендікті қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және көпқырлы тәсілдерді қолдану арқылы жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бастамасын қолдайды. Сондай-ақ еліміз Қытай мен Бразилияның Украина жөніндегі бейбіт жоспарын құптайды.

Президенттің осы сапары аясында Татарстан астанасында қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш ашылды. Іс-шара Қазақстан Президентінің Қазан қаласына жұмыс сапары аясында өткізілді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазанда ескерткіштің ашылуын халықтар арасындағы достықтың, өзара түсіністік пен рухани туыстықтың үлгісі екенін айтты. Бюст авторы – Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Нұрбол Қалиев.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу