Қазақстан мен Өзбекстанның экология саласындағы ынтымағы артады
Қазақстан мен Өзбекстан арасында экологиялық ынтымақтастық арта түсті. Бүгін сенат депутаттары қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңды мақұлдады. Бұл келісімге екі жыл бұрын Ташкентте қол қойылған. Ол екі ел арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған.
Яғни, құжат аясында ауа мен судың ластануының алдын алу, биологиялық әртүрлілікті сақтау, экожүйені тозудан қорғау және құмды дауылдардың алдын алуға қатысты жұмыстарды бірлесе жүзеге асырмақ. Арал бассейніндегі экологиялық жағдайды жақсарту да ортақ міндет.
Жанболат Жөргенбаев, Сенат депутаты:
Осыған байланысты бұл Келісімнің қабылдануы екі мемлекеттің Арал теңізі мен Арал өңірін қалпына келтірудегі, сондай-ақ осы саладағы халықаралық әрі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және үйлестіретін болады.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12