Елордада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған көрме басталды
Астанада Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған «Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасы» атты көрме ашылды. Шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бастау алды. Қарулы күштерінің Әскери-тарихи көрмесінде еліміздегі 6 музейдің құнды жәдігерлері жинақталған. 1 айға жалғасатын көрмеде Алтын Орда кезеңіне тән кесенелердің кірпіштерін, сол заматтағы тұлғалардың балауыз мүсіндерін, Жошы хан кесенесінің құббасын, Сарайшық қаласынан табылған құмыралар мен ыдыс-аяқты, монеталар мен тарихи қолжазбалардың көшірмелерін тамашалауға болады.
Әлібек Күзербаев, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының директоры:
Біз басқа музейлер мен музей қорықтарында шақырдық. Мысалы, мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы өзінің заттарын қоюда. Қарағанды облыстық тарихи өлкетану музейі, Жезқазған-Сәтбаев атындағы тарихи өндірістік музейі. Бұл музейлердің барлығы өздерінің қорындағы Алтын Орда тарихына қатысты жәдігерлерді әкеліп қойды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06