Талдықорғанда «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауы аяқталды
Талдықорғанда этностар мен диаспоралар арасында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқаудың ақтық додасы өтті. Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен облыстарда іріктеу жарыстарында топ жарған 16 қатысушы қазақ тілін жетік меңгергенін бірнеше кезеңде дәлелдеуге тырысты.
Биылғы байқау оқу-ағарту саласында қызмет ететін мұғалімдер мен әдіскерлер, балабақша тәрбиешілері арасында ұйымдастырылды. Алдымен өздерін таныстырып, өнерлерін паш етті. Бірі өлең оқып, ән шырқаса, енді бірі Абайдың қара сөздерін жатқа айтып, қазақтың салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп, күй күмбірлетті.
Камран Бурсалов, байқауға қатысушы (Алматы облысы):
Қазақ тілін құрметтеймін. Себебі түркілердің ішіндегі ең таза, ең бұзылмаған біріншіден қазақ тілі. Екіншіден қазақтың шаңырағының астында тұрғандықтан біз барлығымыз қазақ тілінде сөйлеуіміз керек. Үшіншіден барша түркі әлемінде құрметке ие болған көптеген қазақтың ұлы тұлғалары бар.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21