Түркияда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды
Былтыр елімізге Түркиядан 135 мың турист келген. Бұл көрсеткішті еселеуге екі елдің де мүмкіндігі жоғары. Бұл туралы Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылған Ыстанбұлдағы форумда айтылды. Түркиялық туристер біздің елге негізінен тарихи жерлерді және тұмса табиғатты тамашалау үшін келеді. Алдағы уақытта бұл бағыттардың аясын кеңейту үшін елімізге қатысты мол мағлұмат беріліп, туристік компаниялар өзара келіссөздер жүргізді. Форум соңында жиналған қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
Елнұр Болатбек, Алматы қалалық туризм басқармасының маманы:
Бізді түрік елімен көптеген туристік әлеуеттер байланыстырады. Оның бірі Алматы қаласынан Ыстанбул, Бодрум және Анталия қаласына тікелей рейстердің болуы. Одан бөлек осы 2024 жылы Алматы қаласында жаңа әуежай ашылды. Ол осы Қазақстан және Түркия елінің бірігуімен ашылған болатын. Алматы қаласымен Түркия елін бизнес туризм көп байланыстырады, сол үшін бізде әуе рейстері көп дамыған.
Орхан Санжан, Түркияның туристік агенттіктері қауымдастығының басшысы:
Екі елдің туризм саласындағы білікті мамандары басқосқан өте пайдалы жиын болды. Қазақстанның Туризм министрлігі және Ыстанбулдағы Бас консулдықтың көмегімен Қазақстанға турист апаратын түркиялық компанияларды Қазақстанға шақырып, жыл сайын арнайы таныстыру турларын өткізіп тұруға келістік. Бұдан бөлек екі елде де онлайн әрі оффлайн жиындар да өткізіп тұрмақпыз.
Айдос Нығыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26