Астанада «Елім дегендер» республикалық байқауының қорытынды кезеңі басталды
Этнос өкілдері арасында өтетін «Елім дегендер» республикалық байқауы өтіп жатыр. Сайыс Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасы аясында ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған шығармашылық байқауға қатысуға еліміздің әр түпкірінен 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар өтініш берген. Олар қазақ тілінде өлең оқып, шығармаларын таныстырып, көркемсөз өнерін паш етті. Түрлі номинация бойынша анықталған үздіктерге 3 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталады.
Бибініұр Байжігітқызы, «Тіл тағдыры – ел тағдыры» жобасының жетекшісі:
Республика күні қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Елім деген» байқауы өтуде. Бұл байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілді, қазақ тілін дәріптеу. Бұл байқау бізде 2-ші жылы дәстүрлі түрде өтуде. Алдағы уақытта да біз жалғастыруды жоспарлаймыз.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12