Қайырымдылық керуені: 100-ге жуық мецанат марапатталды
Қайырымды жандар жыл басынан бері 1,3 миллиард теңге көлемінде қайырымдылық жасаған. Қазақстан халқы Ассамблеясының ақпарынша, «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында халыққа жанашыр болған 100-ге жуық адам «Жомарт жан» медалімен марапатталды. Аталмыш бағдарлама аясында «Жүректен жүрекке», «Мектепке жол», «Қамқор» және «Мейірім» атты бағытта қарқынды жұмыс жүрген. Бұл жобалар арқылы осал топтағы жандар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жан жылуын сезіне білді.
Евгений Больгерд, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, ҚХА «Жомарт жан» республикалық орталығының жетекшісі:
Ассамблея апаттан зардап шеккен өңірлерге 800 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетті. Республика бойынша 12 мыңнан астам ҚХА еріктілері жұмылдырылды. 1 700 тоннадан астам азық-түлік және алғашқы кезде қажетті тауарлар жіберілді. Сондай-ақ, көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың балаларын мектепке дайындауға қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылы қарсаңында 6,5 мың балаға 260 млн теңге болатын жәрдем берілді.
Рашидам Ушурова, ҚХА Алматы облысы Іле аудандық ұйғыр этномәдени орталығының басшысы:
Біздің жұмысымыз көбісі сол қайырымдылық. Көпбалалы отбасыларға көмектесеміз. Жалғызбасты әжелерге көмектесеміз. «Мектепке жол» деген шарамыз да бар.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
ЖИ ұстазға пайдалы, ал оқушыға ше? СhatGPT-ден көшіріп, тапсырма орындау үрдісі
04.10.2026, 18:33
Бөліп төлеуге қатысты қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
04.10.2026, 18:02
Кітап оқып, 10 млн ұтып ал: Марафонға 1,3 млн-нан астам адам тіркелген
04.10.2026, 17:48
Баспана сатып аларда нені ескеру керек?
04.10.2026, 17:10
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25