Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев бастаған бір топ өз саласының үздігі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алса, тағы бірқатары «Отан» орденін кеудесіне тақты.
«Қазақстанның Еңбек Ері»
Асқар Жұмаділдаев - Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті;
Гүлжанар Нұрпейісова - Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі;
Эльмара Траисова - Орал қаласы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі
Георгий Прокоп - Қарағанды облысы «Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры.
«Отан» ордені
Сейітхан Жошыбаев - Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры;
Нұрлан Оразалин - ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Азамат Бейбітұлы