Астанадағы партия ғимаратына өте үлкен ту ілінді
Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында «Amanat» партиясы Орталық аппаратының ғимаратына көлемі 24 те 12 метр болатын Мемлекеттік Ту ілінді. Саяси ұйым мүшелерінің айтуынша, бұл бастама тұрғындардың бойында патриоттық сезімді оятады. Жалпы «Amanat» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты осымен 3 жыл қатарынан көк байрағымызды насихаттау үшін «Менің Елім – менің Туым» акциясын өткізіп келеді. Биыл ел бойынша 10 мыңнан астам Ту ілу жоспарланған. Оған депутаттар, қоғам қайраткерлері мен белсенді жастар қатысады.
Ақерке Ескендірова, «Amanat» партиясы «Жастар рухының» төрағасы:
Дәл осы еліміз үшін маңызды матчтарда, еліміз үшін маңызды оқиғаларда, жақында Көшпенділер ойыны аясында өткен Димаш Құдайбергеннің концертінде желбірген ту енді осы елордамыздың ортасындағы ғимаратта тұрғындарға патриоттық сезімді беріп тұрады.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бразилия 1/8 финалға жолдама алды
30.06.2026, 20:26
Жаңа Конституция ел дамуына тың серпін береді
30.06.2026, 20:24
Dalida Cinema кинотеатры ашылды
30.06.2026, 20:18
Ветеринария саласын дамытуға 88 млрд теңге бөлінеді
30.06.2026, 20:17
Ақсай теміржол вокзалы жөнделіп, ел игілігіне берілді
30.06.2026, 20:16
Жезқазғанның даму жоспары қаралды
30.06.2026, 20:14
Орталық Азиядағы ең ірі жел электр станциясының құрылысы басталды
30.06.2026, 20:12
Пластикалық хирургия клиникаларын бақылау күшейтіледі
30.06.2026, 20:10