Алматыда үздік кітапханашылар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда үздік кітапханашылар марапатталды

22.10.2024

«Кітапхана – парасат ордасы». Алматыда осындай атаумен Кітапханашылар күніне орай салтанатты шара өтті.

Мерекеде өңірлерден келген үздік қызметкерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Кітапханашыларға арнап қызыл кілем жайылды. Ал мерекелік жиында салада талай жыл тер төгіп, ерен еңбегімен еленген мамандарға төсбелгілер мен алғыс хаттар табысталды. Кітапханашылар күні осы қастерлі мамандықтың қадірі мен беделін арттыру, қоғам өміріндегі кітапханалардың рөлін нығайту мақсатында атап өтіледі дейді Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері. Себебі кітапханашылар мәдени мұраны сақтауға, кітап оқитын білімді ұлттың қалыптасуына орасан зор үлес қосып келеді.

Ханшайым Мұсақызы, ҚР Ұлттық кітапханасы кітап қорын толықтыру қызметінің жетекшісі:

Барлық рухани қазына, байлық осы кітапханада. Кітапханашылар таңертең келгенде түрлі кітаптармен танысады, оқырманның мыңтүрлі сұрағына жауап береді. Қазіргі күні оқырманның талабы да күшейген. Қоғамда кітапханашының рөлі өте маңызды және мәртебесі де асып келеді.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу