Талдықорғанда әлеуметтік қызметкерлер марапатталды
Қазан айының соңғы жексенбісінде әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күні атап өтіледі. Талдықорғанда мереке қарсаңында осы саланың қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Жалпы Жетісу облысында әлеуметтік салада 2 мыңнан астам адам еңбек етсе, олардың төрттен бірі әлеуметтік жұмысшы. Көмекке мұқтаж жандарға қызмет көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға бар мейірімі мен жүрек жылуын аямайтын мамандарға, облыс және қала басшыларының құрмет грамоталары табысталып, сый-сыяпат жасалды. Салада ондаған жыл бойы жұмыс істеп, күш жігерін мұқтаж жандарға арнаған бірқатар қызметкер еңбек адамы медалімен марапатталды.
Мәрия Дәулетова, әлеуметтік қызметкер:
Әлеуметтік қызметкерлер күніне төсбелгімен марапатталдым. 30 жыл болды еңбек еткеніме. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қызмет етем. Ол жерде қызметім жаңағы сабағын оқыту балаларға, ата-аналарына көмектесу. Керек болса, жаңағы уколдарын салып беру. Больницаға да барамыз ол кісілермен бірге. Сондай нешетүрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіп жатырмыз.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09