Астанада отандық өнімдер жәрмеңкесі өткізілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада отандық өнімдер жәрмеңкесі өткізілуде

22.10.2024

Астанада «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңкесі өтіп жатыр. Өңірлерден ірімшік, құрт пен сары май, зергерлік және қолөнер бұйымдары, сондай-ақ таза теріден киім-кешектің түр-түрі әкелінген. Жүзге жуық кәсіпкер екі күн қатарынан өнімдерін саудалауға мүмкіндігі бар. Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Жапонияның JIKA Халықаралық агенттігі ұйымдастырған жобаның мақсаты – тауар өндірушілерді жан-жақты қолдау. Әр өңірден үш кәсіпкерден қатысатын жәрмеңкеде 60-қа жуығы жеңімпаз атанады. Биыл ол 22-23 қазан күндері өтеді деп жоспарланған.

Тимур Нақыпбеков, «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары:

Жеңімпаздарға өзінің тауарын өңдеуге, сапасын арттыруға, ішкі және сыртқы нарыққа сатуға көмек беріледі. Сондай-ақ Жапонияның JIKA Халықаралық агенттігі тарапынан ұтымды деген позицияларға жоғары деңгейлі стандарттарды енгізу көмегі де көрсетіледі.

Бұл жоба елімізде екінші жыл қатарынан жүзеге асырылып отыр. Осы жобаның арқасында 60-қа жуық кәсіпкердің тасы өрге домалаған. Өндіріс көлемін бірнеше есе арттырып, сыртқы нарыққа шықандары да бар.

Ерлан Әбдірахманов, кәсіпкер:

Біз Мыңғыстау облысы бойынша «Бір ауыл – бір өнім» жобасының жеңімпаздарымыз. Мынау жер асты суы. Жер астынан 50 метрден өндіреміз. Адам ағзасына пайдалы минеаралдар бар. Айына 50-60 мың бөтелке шығарамыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу