Талдықорғанда асық ату чемпионатына іріктеу аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда асық ату чемпионатына іріктеу аяқталды

22.10.2024

Талдықорғанда асық атудан ересектер арасында облыстық турнир аяқталды. «Республика» партиясы мұрындық болған сайысқа өңірдің әр аудан, қаласынан жиырмаға жуық мерген қатысып, мықтыны анықтады. Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойынынан кейін елімізде ұлттық спорттың бұл түріне қызығушылық арта түскен. Жарыс ережесі бойынша екі кезеңде ең көп асық атып түсірген ойыншы жеңімпаз атанады. Ал әр кезеңге жеті минуттан беріледі. Уақытты ұтымды пайдалану үшін мергендер жүгіріп жүріп атады. Осылайша бір ойында шеңберді айналып бірнеше шақырым жүгіріп өтеді. 25 қазанда Республика күніне орай Астанада республикалық чемпионат өтеді. Жүлде қоры да қомақты. Бас жүлдеге автокөлік қойылып отыр. Аймақтардан бірінші және екінші орын алған спортшылар осы бәсекеде бақ сынайтын болады.

Жасұлан Әбдірахманов, жарыс жеңімпазы:

Асық дегенді көбі менсінбей кетті. Ойнамай кеткен, телефон шыққалы бері. Енді қазір жас балаларда қызығушылық бар. Әр облыста әр ауданда осындай үйірмелер бар. Асықтан жарыс өтеді. Тфай-тфай, балаларымыз қазір асыққа спорт екенін түсініп, ойнап жатыр. Көп, жастар да көп, үлкендер де ойнайды. Үлкен кісілер де ойнайды асықты. Ата-бабадан қалған мұра болғаннан кейін елдің бәрі ойнап жатыр. Денсаулыққа да пайдалы.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу