Түркияда нәрестелерді өлтірген дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда нәрестелерді өлтірген дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

22.10.2024
0:00:00
0:00:00

Түркияда бірнеше жылдан бері жаңа туған нәрестелерді өлтіріп келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Негізінен дәрігерлерден құралған топ жаңа туған сәбилерге жалған диагноз қойып, жұқпалы вирус егіп, оларды жансақтау бөліміне жатқызып отырған. Осылайша, мемлекеттік медициналық сақтандыру бойынша қомақты қаржы бөлдіртіп, оған қоса ата-аналардан да ақша алған. Қылмыстық топтың құрамында бірнеше жекеменшік клиниканың дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен адвокаттар болған. Бүгінге дейін бұл қылмыскерлердің қолынан 20 нәрестенің өлгені анықталды. Тағы ондаған сәби мүгедек болып қалған. «Нәрестелер ісі» деген атпен тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша 10 жекеменшік аурухана жабылды.

Йылмаз Тунч, Түркияның әділет министрі:

Шамамен бір жыл бойы құпия түрде жүргізілген бақылау нәтижесінде осы іске қатысы бар 47 адам ұсталды. Олардың 22-сі қамауға алынды. Қамауға алынғандардың төртеуі дәрігер, 18-і медбике. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қылмысқа қатысы барларға 10 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза беріледі.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу