Алматыда шағын және орта бизнесте 900 мыңнан аса адам жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда шағын және орта бизнесте 900 мыңнан аса адам жұмыс істейді

21.10.2024

Алматыда шағын және орта бизнес субьектілерінде 900 мыңнан аса адам жұмыс істейді. Ал шаһардағы индустриалды аймақта жалпы құны 20 миллиард теңгенің 37 жобасы іске қосылған. Кәсібін дөңгелеткісі келетіндер үшін дайын өндірістік нысандарды жеңілдетілген шарттармен жалға алу мүмкіндігі қарастырылған.

Qulpynai кондитерлік компаниясы нарықта 2016 жылдан бері жұмыс істеді. Алматы және Алматы облысында фирмалық 18 дүкені мен 3 өндірістік цехі бар. Мақсатымыз – тұтынушыларға табиғи әрі сапалы өнім ұсыну, - дейді зауыт өкілі.

Бақытжан Мұхаммедияұлы, «Qulpynai production» ЖШС PR менеджері:

Алматы қаласының кіші өндірістік парктерді дамыту бағдарламасы бойынша біз осы жерде тұрақты бағамен арендаға алып отырмыз. Цехта қазіргі кезде 200-ге жуық қызметкер бар. 39 түрлі өнім шығарады. Компания өнімдері табиғи. Компанияның НАССР және Халал стандарттары бар.

Индустриалды аймақ құрылғалы бері жалпы сомасы 558 млрд теңге болатын 108 жоба қолға алынған. Олардың 32-і өз өнімдерін шығара бастаса, қалғандарының құрылысы жүріп жатыр, - дейді жауаптылар. Бүгінге дейін кәсіпорындар бюджетке 55 миллиард теңге салық төлеген.

Аймұхамбет Әбілқайыр, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының бөлім басшысы:

Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 361 148 бірлікті құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға өсіп отыр. Қаламызда шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 900 мыңнан астамды құрап, республикамыздағы ең жоғары көрсеткішке ие болуда.

Qulpynai кондитерлік компаниясы индустриалды аймақта дайын нысанның әр шаршы метрін 1350 теңгеден жалға алып отыр. Енді аумағы 7 мың шаршы метрлік өз зауытын салуды жоспарлап отыр. Құрылыс қараша айында басталады.


Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу