Түркістан облысында жаңа төселген асфальттің бүлінген жері қайта жөнелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында жаңа төселген асфальттің бүлінген жері қайта жөнелді

21.10.2024

Түркістан облысында республикалық маңызы бар күре жолды қайта төсеу кезінде көліктер мерзімнен бұрын басып өтіп, бүлдіріп кеткен аумақтар қайта жөнделді. Жол құрылысының талаптары бойынша асфальт жабындысы жайылған жермен бес сағатқа дейін ешнәрсе жүрмеуі тиіс еді. Алайда түн мезгілін және жол сақшыларының жоқтығын пайдаланған ауыр жүк көліктері жаңадан төселеген жолдың 250 метр жерін талқандап кеткен. Осыдан кейін әкімшілік полицияның көмегімен жолардарға бақылау күшейді.

Қанат Жолтаев, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Түркістан облыстық филиалы басшысының орынбасары:

Оның сақталмау себебі автокөліктер бағынбай, ірі автокөліктер жүріп кетуінен ол жерде жылжыулар, сызаттар пайда болды. Оны қазір мердігер мекеме толықтай алып, қайта қалпына келтіріп қойды.

А-15 деп аталатын республикалық маңыздағы автожолдың Жібек жолы ауылы мен Сарыағаш шипажайы аралығындағы бөлігін жөндеу ісі былтыр басталған болатын. Оған қазынадан 3 миллиард қаржы бөлінген. Қазір жөнделуі тиіс 47 шақырым жердің тек 4 шақырымы ғана қалды. Жұмыс енді он шақты күнде аяқталмақ. Өзбекстан мемлекетінің шекарасына барып тірелетін көлік дәлізінде қозғалыс өте көп. Тәулігіне 20 мың автокөлік әрі-бері қатынайды. Оның 4 мыңдайы аса ауыр салмақтағы жүк машинелері.

Құрал Андас, техникалық қадағалаушы:

Қиыршық тасты мастикалық-20 маркалы асфальт-бетон қоспасын төсеу жұмыстары жүруде. Техникалық қадағалаушы тарыпынан асфальттың температурасы тексеріліп жатыр. Ені және қалыңдығы толығымен тексерілді. Жобаға сәйкес.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу