Жарықсыз отырған Кубаға «Оскар» дауылы соққы берді
Жылу электр орталығы істен шығып, үш күннен бері жарықсыз отырған Кубаға «Оскар» дауылы соққы берді. Оның жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жеткен. Жауындатқан дауыл қазір біршама әлсіреді. Бірақ ол тропикалық штормға ұласып, елдің шығысына бәрібір қауіп төндіріп тұр.
Ауа-райының қолайсыздығы мен энергетикалық дағдарысқа байланысты аралда мектептер жабылып, ең маңызды қызмет түрлері ғана доғарылмаған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Кубада жарықтың өшуіне Антонио Гутьеррес атындағы жылу электр станциясындағы апат себеп. Соңғы мәліметке қарағанда, әзірше мемлекет астанасы Гаванада тек 160 мың тұтынушыға жарық берілген.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22