Астанада электронды апостильді пайдаланудың мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада электронды апостильді пайдаланудың мәселелері талқыланды

21.10.2024

Астанада электронды апостиль бағдарламасы бойынша ХІІІ халықаралық форум басталды. Мұндай ауқымды форматтағы шара Орталық Азия елінде бірініші рет өтіп жатыр.

Әділет министрлігі мен Maqsut Narikbayev университеті ұйымдастырған форумға 10-нан астам елдің сарапшылары мен практиктері және мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

Олар «Е-Апостиль» бағдарламасын енгізу мен пайдаланудың өзекті мәселелерін талқылады. Сонымен бірге, саланың жетекші мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, жүйені одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

Екі күндік шара кезінде бірқатар қатысушы елдермен келіссөз жүргізу жоспарланған. Айта кетейік, қазақстандықтардың электронды апостилі Гаага конференциясына кіретін 90 мемлекетке жарамды. Яғни ол қазақстандықтардың құжаттарын шетелде пайдалана алуына ықпал етеді.

Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:

Қазақстан Гаага конференциясына қосылғалы 1997 жылдан бері біраз жұмыстар жүргізілді. 8 халықаралық конвенцияға, келісімшартқа қол қойылды. Электронды апостиль деген көптеген іс-шаралар үшін қажет. Мәселен, әрі қарай шетелде оқу үшін, емделу үшін немесе халықаралық жобаларға қатысу үшін арнайы куәландыратын шара.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу