Гимнастикадан жасөспірімдер командасы Азия чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гимнастикадан жасөспірімдер командасы Азия чемпионы атанды

21.10.2024

Қазақстандық гимнасттар әлемдік жарыстарда тамаша нәтиже көрсетіп жүр. Бұл туралы Эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Мәдина Бектұрғанова орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты. Жуырда Гонконгта өткен Азия чемпионаты, Әлем Кубогы және халықаралық турнир өтті. Жарысқа 14 елден 60-тан астам команда қатысып, 20 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Турнирге түрлі жас санатындағы 15 қазақстандық команда өнер көрсетті. 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер командасы Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ, өзге де спортшыларымыз күміс және қола жүлдегер атанды.

Мәдина Бектұрғанова, Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті:

Бүгінгі таңда Қазақстан командасы ірі жарыстарда өте жақсы нәтиже көрсетуде. Сеньорларда тек Жапония командасына ғана есе жібердік, ал жасөспірімдер арасында Жапония командасы тиісінше қола жүлдегер атанды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу