БҚО-да қалдықтарды өңдейтін зауыт ашылды
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдейтін зауыт ашылды. Мереке қарсаңында іске қосылған кәсіпорында 30-дан астам адам жұмыспен қамтылған. Өңдеу кезең-кезеңмен жүзеге асады. Бастапқыда шағын цех қалдықтарды жоюмен айналысты. Кейін сұрыпталып, қандай қалдық екені, көлемі зерттеледі. Әзірге картон, пластик іріктеліп, престеліп, шикізат ретінде сатылып жатыр. Қолдануға келмейтіндерін арнайы пешке салып, жағып жібереді. Кәсіпорынның екінші кезеңінде тұрмысқа қажетті заттар шығарылады. Ал үшінші кезеңде қалдықтан электр қуатын өндіру көзделіп отыр.
Динар Хамиев, кәсіпорынның құрылтайшысы:
Картон қалдықтарынан құс тұқымына касета жасау, пластик, полиэтилен пакет, т.б. пластик түрлерін біріктіріп, одан шпагат жіп шығару, көлік дөңгелегінен ұнтақ жасау - бұлар екінші кезеңде қарастырылған.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елде газдандыру деңгейі 64,2 пайызға жеткен
19.06.2026, 20:17
Алматының бас жоспары өзгереді: Қала қандай болмақ?
19.06.2026, 20:17
Семей полигоныннан зардап шеккендерді қолдау мәселесі қаралды
19.06.2026, 20:16
Азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
19.06.2026, 20:15
Туристер үшін арнайы сайт іске қосылды
19.06.2026, 20:15
Жастар экологиялық мәдениетті насихаттады
19.06.2026, 20:14
Бүгінге жоспарланған АҚШ-Иран келіссөзі өтпейтін болды
19.06.2026, 20:13
ТМҰ жоғарғы соттарының 2-конференциясы өтті
19.06.2026, 20:12