Алматыда 150-ден астам көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 150-ден астам көлікті заңсыз тіркеген қылмыстық топ ұсталды

21.10.2024

Алматы қаласында көлік құралдарын заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Қылмыстық іс-әрекетке арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің және делдалдардың қатысы анықталды. 17 адам күдікке ілікті. Олар көліктің бірегей кодын өзгертіп, құжаттарды қолдан жасаған болуы мүмкін. Тексеріс барысында VIN-кодтарды өзгертумен айналысқан жерасты цехының жұмысы әшкереленді. Тіркеуге заңсыз қойылған 150-ден астам автокөлік анықталды. Олардың арасында заңсыздықты біле тұра тіркеткендер бар болып шықты. Тергеп-тексеру басталды. Бір дропперге 50 автокөлікке дейін тіркелген.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Мемлекетке заңсыз әрекеттерден келтірілген залал шамамен 320 млн теңгеден асты. Алаяқтық, мәліметтер базасындағы ақпаратты заңсыз өзгерту мен көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірлерін қолдан жасау фактілері бойынша 17 қылмыстық іс тергелуде.Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу