Астанада Coventry университетінің кампусы ашылды. Аталған оқу орны Ұлыбританиядағы жоғары оқу орындар рейтингінде үздік ондыққа кіреді. ((КСМ:)) Университетте студенттер жарнама және маркетинг, бизнес, ақпараттық технологияларды басқару және педагогика сынды біршама мамандық бойынша білім ала алады. Оқу орнында гранттар да қаралған. Бүгінде университеттің әлемнің бірнеше елінде кампустары бар. Оларда 21 мыңнан астам студент оқып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрінің айтуынша, бүгінге дейін елімізде 24 шетелдік оқу орындарының филиалдары ашылған. Тағы 10 университетті шақыру жоспарланып отыр.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Жалпы филиалдардың санын 34-ке жеткізуді көздеп отырмыз. Үш негізгі мақсат: біріншісі Қазақстанды үлкен академиялық хаб ретінде көрсету. Екінші үлкен мақсат әр үлкен өңірлік мемлекеттік университеттерге мықты шетелдік серіктестік тауып қойттық. Шетелдік серіктестер арқылы жергілікті университеттерді халықаралық зерттеуші университеттерге трансформациялау. Үшінші үлкен мақсатымыз ол – ғылымды дамыту.
Нұрсұлтан Тілектес