Алматыда ұлт руханиятын дәріптеген жазушының жаңа жинағы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ұлт руханиятын дәріптеген жазушының жаңа жинағы жарыққа шықты

19.10.2024

Алматыда көрнекті жазушы, белгілі журналист Жақсылық Түменбаевтың 80 жылдығына орай жаңа кітабы таныстырылды.

Қарымды қаламгердің елге, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін жаңғыртар, шоқтығы биік шығармалары орыс тіліне аударылып, «Тепло родного очага» атты жинақ болып шықты. Аз ғана ғұмырында қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленген Жақсылық Түменбаев оқырман үшін құнды, мазмұнды дүниелер қалдырып кетті. Оның қаламынан шыққан «Қардағы іздер», «Қимас қазына», «Мен сүйген қыз» атты повесть-әңгімелері, «Ақтық демің біткенше» атты романы кезінде көпшіліктің сүйіп оқитын шығармалары болды. «Жазушының елден ерек еңбектері, ұлт руханиятын дәріптеп, әр адамның тал бесігі – ауыл өмірін, ауыл жұртының бойындағы көзге көп түсе бермейтін асыл қасиеттерін ашуға, болмысын суреттеуге арналған», - дейді қаламгерді еске алуға жиналған зиялы қауым.

Ақұштап Бақтыгереева, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:

Жақсылық Түменбаев өткен ғасырдың қазақ прозасындағы жақсы повесть, жақсы әңгіме жазған менің замандасым, құрдасым еді. Оның шығармалары сол кездегі ауылдың кешкен қасіреті, қазақ даласының қиындығы, адамдардың бір-біріне деген мейірімі, соны қатты суреттейтін.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу