Әлемдегі ең ірі мультилокациялық хакатон Алматыда басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең ірі мультилокациялық хакатон Алматыда басталды

18.10.2024

Қазақстанда ең ірі мультилокациялық хакатон басталды. Ауқымды технологиялық шараның жүлде қоры – $50 000. IT саласының ең мықты мамандары қомақты жүлде үшін бәсекеге түсіп, бақ сынайды. Сайысқа 17 өңірден 2500-ден астам жоба түскен. Мұндай хакатондар жас таланттарға технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді дейді мамандар. Олардың ойынша, әлемде блокчейн технологиясы қарқынды еніп жатыр. Қазақстан бұл салада әлемдегі озық тәжірибелерге сүйеніп қана қоймай, бәсекеге қабілетті елге айналып, осы үрдістерді қалыптастыратын жетекші мемлекет болуға толық мүмкіндігі бар. Осы ретте мультилокациялық хакатон өткізудің маңызы зор дейді ұйымдастырушылар.

Айдана Қасқырбек, «Blockchain & Ai Technology Center» директоры:

Бұл жерде біздің инженерлердің қаншалықты жаһандық бәсекеге түсе алатынын түсіну үшін хакатондарды өткізіп жатырмыз. Технологиялық нарықтан тапсырма беріледі. Сол тапсырмаларды 2 күн ішінде жүзеге асыру керек. Сол 2 күн ішінде проектілерін қарап отырып, Қазақстандағы инженерлердің потенциалының қаншалықты мықты екенін біле аламыз.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу