Ақтөбеде жарылыстың алдын алды
Ақтөбелік құтқарушылар жарылыстың алдын алды. Азаматтық қорғау аға сержанты Данат Шамақов пен кіші сержант Самрат Мейрамбек өртеніп жатқан нысаннан 2 газ баллоны мен жанармай құйылған ыдысты шығарып үлгерген.
Оқиға Қандыағаш қаласында болды. Диспетчерге жеке меншік үйдің ауласынан өрт шыққаны туралы хабарлама түседі. Мекенжайға жеткен мамандар ауладағы гараждың жанып жатқанын көреді. Құтқарушылар өздеріне қауіп төнгеніне қарамастан, жедел әрекет еткен. 25 шаршы метр аумаққа жайылған өрт сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.
Нұрбек Тілеген, Мұғалжар ауданы ТЖБ аға анықтаушысы:
Оқиға орнына бір бірлік техника, жеке құрамның бес адамы жіберілді. Барған кезде Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Торайғыров көшесіндегі 16 үйде гараждың өртеніп жатқаны және келесі гаражға ауысып жатқаны анықталды. Өрт оқшауланып, екі сағат 30 минутта толығымен сөндірілді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17