Павлодарлық фермерлер мемлекеттің 500 млн теңгесін жымқырған
Павлодарлық фермерлер мемлекеттің жарты млрд теңге қаржысын қалтаға басқан. Мұны прокуратура анықтады. Дерекке қарағанда, шаруалар техника алуға деп бөлінген субсидияны басқа мақсатқа жұмсап жіберген. Мәселен, отандық өндірушіден 132 млн. теңгеге трактор және соқа, сайман аламыз деп тапсырыс береді. Бірақ үкіметтің субсидиясы түскен соң тауарды алмай кетеді. Сондай-ақ асыл тұқымды мал сатып алу үшін демеуқаржы алған. Бірақ қорадағы мал саны кем болып шықты. Қазір мемлекет қаржысын бюджетке қайтару мәселесі қарастырылып жатыр.
Әділ Жұмабеков, облыстық прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің прокуроры:
Қаражат өз қажеттіліктеріне жұмсалды. Аудиторлық қорытындылар алынып, мемлекеттік преференцияларды өндіріп алу жолымен қалпына келтіру туралы облыс әкімінің атына ұсыныс енгізілді.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25
Нобель лауреаты қазақ оқырмандарға үндеу жолдады
21.09.2026, 17:22
Ел жаңалықтарына шолу
21.09.2026, 17:20
Қарағанды өңірінде 8 өрт сөндіру бекеті іске қосылған
21.09.2026, 17:17