Елімізде цифрлық кодекс жобасы әзірленіп жатыр
Бір адамға 10 SIM карта. Бұдан артық қажет емес. Бұл - цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің жауабы. Күні кеше мәжілісте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков, SIM карта сатуға шектеу қоюды ұсынған еді.
Жаслан Мәдиев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
Қазір бұл тұрғыда қандай да бір шешім қабылданған жоқ, бірақ менің ойымша, әрқайсымызға 10-нан артық SIM-картаның қажеті жоқ. Бұл көлем бір адамға жеткілікті, бірақ оны сарапшылар қауымдастығы, мемлекеттік органдар талқылайтын болады. Соның нәтижелері бойынша ұсыныс енгізілмек.
Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде Цифрлық кодекс жобасын әзірлеу бойынша «Ашық код» сараптамалық алаңының таныстырылымы өтті. Ұсыныстар талқыланды.
Министрдің айтуынша, мұндай құжат басқа мемлекеттерде жоқ. Цифрлық кодекстің ішінде жасанды интелект, электронды кілт және басқа да мүмкіндіктерді одан әрі жетілдірілу көзделген.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01