Аягөз қаласында қазандықтағы ақау жөнделіп, тұрғын үйлерге жылу берілді
Абай облысы Аягөз қаласындағы тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандарға түс қайта жылу берілді. Электр жылу орталығы 14 қазанда іске қосылғанмен екі күн өтпей жатып, қазандықтан ақау шыққан. Тұрғындар жөндеу жұмыстары тым кеш басталғанын айтады. 4 шақырымға жуық желілерді жаңарту жұмыстары қара күзге дейін созылған. Өйткені әкімшілік «АСТ химпром» атты мердігер компаниямен 302 миллион теңгеге келісім-шартты тамыз айында әрең жасаған. Салдарынан жұмыс кешеуілдеді. Әкімдік өкілдері апат болған қазандықты бүгін толық іске қосқандарын, тұрғын үйлерге түгел жылу берілгенін мәлімдеді.
Қанат Әділбаев, Аягөз ауданының әкімі:
Орталық қазандығымызға негізі 7 көп қабатты үй, 56 шағын үй қосылған. Сонымен қатар 3 мектеп пен 1 балабақша бар. Қазір аварияның салдарын толығымен шешіп, сол абоненттердің барлығына жылу беріліп отыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жауынгерлер жерленген зират тазартылды
30.04.2026, 20:59
Жеңіс күніне орай жүгіруден марафон ұйымдастырылды
30.04.2026, 20:57
Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
30.04.2026, 20:55
Астанада 3000 оқушы бір мезетте «Ақ көгершін» әнін шырқады
30.04.2026, 20:53
E-Otinish платформасын күніне 30 мың адам пайдаланады
30.04.2026, 20:14
«Әділет» партиясы ресми цифрлық платформасын іске қосты
30.04.2026, 20:12
Асфальт-бетон зауыттары өндірісті ұлғайтты
30.04.2026, 20:09
Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады
30.04.2026, 20:06