Сенат тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды Мәжіліске қайтарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды Мәжіліске қайтарды

17.10.2024

Сенат тұрғын үй саясатын реформалау туралы заңды Мәжіліске кері қайтарды. Депутаттар заң жобасының кейбір баптарын мақұлдамай, 4 бірдей түзету енгізді.

Оған сәйкес енді мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін баспананың 70 пайызы ең алдымен соғыс ардагерлеріне, I және II топтағы мүгедектерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен көп балалы отбасыларға табысталады.

Сонымен бірге, әлеуметтік осал топ өкілдері кәмелет жасына толғаннан кейін де, қайтыс болған жағдайда да баспана кезегінен шығарылмайды. Ал

Астанадағы ғимараттардың сыртқы қабырғаларын күрделі жөндеуден өткізу шараларын жергілікті халықтың емес, бюджеттің есебінен жасау туралы өзгеріс енгізілді.

Жалпы алғанда «Отбасы банк» ұлттық даму институты болып қайта құрылады. Яғни банк енді баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алу, тұрғын үй бөлу сынды фунцияларды атқарады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:

Сондай-ақ, барлық мәліметтерді қамтитын бірыңғай республикалық базаны жүргізеді. Бұл осы саладағы жариялылық пен ашықтықты қосымша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы ретте бүгін қаралған заң арқылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруды көздейтін түзетулер топтамасы мақұлданып отыр.

Келесі жылы жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Ал Отбасы банк келесі жылы ислам ипотеканы енгізуді жоспарлап отыр. Банк басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қазір арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр.

Ләззат Ибрагимова, «Отбасы банк» төрағасы:

Діни ұстаным тұрғысында пайыздық өсімді харам санайтын адамдар бар. Біздің банктің салымшылары бұл бағытта тиісті ипотеканы енгізу туралы ұсыныс айтып жатыр. Заңнама аясында тиісті ұсыныстарды пысықтап, 2025 жылы осы тетікті енгізуді жоспарлап отырмыз. Идея ретінде осыны қарастырып жатырмыз. Бұл тұрғыда нақты ережелер болмағандықтан, қазір нақты бір жаңалықты қосып айта алмаймын.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу