Цифрлық сот орындаушы айыппұлыңызды 25% үнемдейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Цифрлық сот орындаушы айыппұлыңызды 25% үнемдейді

17.10.2024

154 млн теңге. Айыппұл төлеуге міндетті болған азаматтар, жыл басынан бері осынша соманы үнемдеген. Цифрлық сот орындаушысы 31 мыңнан астам айыппұл өтеуге байланысты қызметтерді қарастырған. Есесіне 25 пайыздық комиссиялық төлем алмаған. Роботтандырылған жүйенің ең басты игілігі осы. Оған қоса жеке сот орындаушысы сияқты барлық банктердегі шотыңызды жауып тастамайды. Қарыз сомасына орай бір банктегі шотыңызды ғана бұғаттайды. Азаматтар осындай басы артық шығыннан және жеке сот орындаушыға барудан босатылады. Сондай-ақ 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 73 мың 840 теңгеге дейінгі айыппұл туралы ақпарат азаматтың телефон нөміріне автоматты түрде жөнелтіледі. Бұл туралы Әділет министрлігі өкілдері азаматтардың қаржысын үнемдеуге бағытталған цифрлық жобалар таныстырылымында мәлім етті.

Бекболат Молдабеков, ҚР Әділет министрінің орынбасары:

Тағы біз мысалы, Е-Заң көмегі деген жобамыз бар. Ол тағы да робот, искусственный интеллект. Ол 24 сағат яғни біздің азаматтарымызға көмек көрсетеді, кеңес бере алады. Кейбір мәселелер мысалы, азаматтарымыз может сұрауға ұялатын шығар, сол кезде смс арқылы осындай жағдайға түсіп қалдым, не істеу керек, ол әдемілеп түсіндіреді. Осы 1-2 жұмадан кейін видеозвонок қызметі қосылады.

Қаракөз Тұрмағанбет

Хабарламаларға жазылу