Президент: Қазақстан әлемдік аренада белсенді рөл атқаруға дайын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан Astana Think Tank форумының пленарлық отырысына қатысып, сөз сөйледі. Астана халықаралық форумының аясында құрылған бұл диалог алаңы ең өзекті жаһандық және өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасуға арналған. Мемлекет басшысы әлемнің жікке бөлінуі күшейіп, көпжақты халықаралық институттардың беделі әлсіреген сайын, орта державалардың рөлі арта түседі деп санайды. «Біз халықаралық жүйенің мейлінше инклюзивті және орнықты болғанын қалаймыз. Мемлекеттерді үлкен немесе шағын деп бөлмей, оларға жаһанды жақсарту үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік беру керек. Қазақстан алдағы уақытта да әлемдік аренада белсенді рөл атқаруға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
25.09.2026, 17:18
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07