«Ауыл аманаты»: 100 млрд теңгенің 7 млрд теңгесі ғана бөлінген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл аманаты»: 100 млрд теңгенің 7 млрд теңгесі ғана бөлінген

17.10.2024

Мәжіліс отырысында көтерілген тағы бір мәселе, ауыл халқының әл-ауқатын арттыру. Үкімет басшысына жолдаған сауалында «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев мемлекеттік бағдарламалар тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отырғанын жеткізді. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жеңілдетілген несие ретінде бөлінген қаражаттың азғантай бөлігі ғана халыққа жеткен.

Елнұр Бейсенбаев – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Жоба бойынша былтыр 100 млрд теңге бөлінсе, биыл 100 млрд теңге бөлу жоспарланған болатын. Алайда, жыл соңына таясада ол қаражат бөлінбей, Үкімет өңірлерге тек 7 млрд теңге ғана жіберген. Бұны қалай түсінуге болады? Жобаның сылбыр орындаулының себебі неде? 

Жылдың аяғы екенін ескерсек, Үкімет 100 млрд теңгені игере алмайтыны анық. Ауыл халқының әл-ауқатын көтеруге арналған бірден-бір жобаны жүзеге асыруға Үкімет ведомостволары арасындағы өзара келісілмеген әрекеттері кедергі болып отыр, - деді депутат. Және бұл мәселені тез арада шешу керектегін алға тартты.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу