Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы. Қазіргі уақытта ұлттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеудің маңызы зор.
Алматыда педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сақыпжамал Ұзақбаеваның 75 жылдығына арналған конференцияда осындай пікірлер айтылды.
Басқосуда заманауи білім беруде этнопедагогика ғылымын ұштастырудың артықшылықтары сөз болды. Сақыпжамал Асқарқызы – осы ғылым саласының теориясы мен тәжірибесінің дамуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ғалым. Білікті профессордың 75 жылдығына орай өткен конференцияға шетелдік сарапшылар да қатысып, өз ойларын білдірді. Ұрпақ тәрбиесін ұлы іс деп бағалайтын ұстаз ғылыми мектебін де қалыптастырған.
Сақыпжамал Ұзақбаева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
Ұлттық тәрбие қалай болу керек, қалай меңгертілу керек, мектепте қалай болу керек, мектепте меңгерту үшін ұстаздың өзі дайын болу керек. Осы мәселелерді көтергені маған ұнады. Біздің жастардың арасында жас ғалымдардың арасында осы тұрғыда түсінігі мол, бетбұрыс алып келе жатыр.
Жазира Оразқызы