Елордада «Astana Think Tank Forum» өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Astana Think Tank Forum» өтіп жатыр

16.10.2024

Елордада «Astana Think Tank Forum» өтіп жатыр. Алғаш рет ұйымдастырылған жиынның тақырыбы – «Өзгермелі жаһандық тәртіптегі орта державалар: қауіпсіздікті, тұрақтылықты және орнықты дамуды нығайту». Шараға 22 елден 45 сарапшы мен дипломат қатысып жатыр. Олар бүгін жаһандық жағдайда орта державалардың стратегиялық және дипломатиялық рөлін талқылады. Сарапшылардың айтуынша, дәл қазіргі уақытта орта державалар үшін халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға нақты мүмкіндіктер бар.

Джошуа Линкольн, Флетчер мектебінің халықаралық құқық және басқару орталығының аға ғылыми қызметкері (ТАФТС университеті, АҚШ):

Қазіргі уақытта орта державалар үшін халықаралық аренадағы рөлін нығайтуға нақты мүмкіндік бар. Бұл типтегі елдер қауіпсіздік жүйесін қолдауға бірдей мүдделі, өйткені тұрақтылық мәселесі осы елдердің ДНҚ-да бар. Форумның тақырыбы айтып тұрғандай, мұнда орта державалардың дипломатиялық қатынастарды орнату тақырыбында пікір алмасып жатыр. Бұл тұрғыда ортақ диалог алаңын құру дұрыс деп санаймын.

Екі күнге жоспарланған жиында сондай-ақ жаһандық энергетикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, негізгі сауда және көлік дәліздері және олардың экономикалық салаға әсері сияқты тақырыптар да қаузалады.

Ли Юнцюань, Еуропа мен Азияның әлеуметтік даму институтының директоры (ҚХР):

Батыс пен Шығысты жалғайтын орталық дәлізге 10 жыл уақыт болды. Бүгінде ол ең қауіпсіз ғана емес, ыңғайлы әрі тиімді жолға айналып үлгерді. Қазақстан мен Қытайдың бірлесе жүзеге асырған бұл жобасы ойдағыдай әрі жемісті нәтиже беріп келеді. «Жібек жолы» экономикалық белдеу бойында жаңа елді мекендер бой көтеріп, қосымша жұмыс орындары ашылады. Бұл экономика саласына оң ықпалын берері анық. Оның әлеуетін алдағы уақыттарда да ұтымды пайдаланған дұрыс.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу