Алматыда бір жыл бұрын болған жатақханадағы өртке қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгін прокурор айыптау актісін оқыды. Сотта жатақхана иесі Әділбек Мұхамедияров пен өрттен қорғау жүйесін орнату жөніндегі маман Александр Пекельникке айып тағылып отыр. Оларға Қылмыстық кодекстің 292-бабы, яғни өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша іс қозғалған. Айыптау қорытындысында Мұхамедияров пен Пекельниктің салғырттығынан жертөледе жанғыш заттардан, соның ішінде көмірқышқыл газынан 13 адамның ыс тиіп қаза тапқаны айтылған. Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, дәлізде тұрған матрацтар паналаушылардың бөлмелерден шығуын қиындатқан. Ал эвакуациялық шыға беріс жиһазбен жабылып, сыртқа шығуға кедергі келтірген. Жертөледе терезелер мен желдету жүйесі болмаған. Жанғыш материалдар 15-ші және 16-ші нөмірлі бөлмелердің жанына жиналған. Бұл өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейді, - деді прокурор. Сотқа жәбірленушілер мен олардың өкілдері онлайн режимде қатысты.
Еске сала кетейік, былтыр 30 қарашада жертөледегі хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапқан еді.
Қуан Нұрақын