Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Армения президенттері «Астана» халықаралық қаржы орталығына барды

16.10.2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Президенті Ваагн Хачатурян «Астана» халықаралық қаржы орталығына барып, жұмысымен танысты. Бұл орталық арқылы Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция 13 миллиард доллардан асқан. Бүгінде мұнда әлемдегі 80-нен астам елдің 3200-ге жуық компаниясы жұмыс істейді. Олардың қатарында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы қызметтері мен сақтандыру салаларына маманданған Арменияның 6 ірі компаниясы да бар. Сонымен қатар Халықаралық төрелік орталығының қызметі мен орталықтағы сот жүйесінің ерекшелігі жөнінде және қаржы қызметтерін реттеу комитетінің жұмысы туралы баяндалды. Осы комитет пен Армения Республикасының Орталық банкі арасында өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалған. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу