Петропавлда тасқыннан зардап шеккен шағын ауданда балабақша ашылды
Петропавлда тасқыннан зардап шеккен азаматтарға арналып салынған «Бірлік» ықшам ауданында балабақша ашылды.
Сонымен қатар шаһарда үстел теннисі орталығы мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің тұсауы кесілді. 90 орындық балабақша небәрі 4 айда бой көтерді. Нысан заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Жаңадан жұмыс орындары ашылды.
Жанайдар Смайылов, Бірлік ықшам ауданының тұрғыны:
Подгорада су басып, осы шағын ауданға келдік. Немерем осы садикке келеді, жұмыс орным да осы балабақшада болайын деп тұр. Елімізге, үкімітемізге, Президентімізге көп-көп рахмет. Осындай қуанышты күндер көп болсын.
«Бірлік» шағын ауданында табиғи апат салдарынан баспанасыз қалған азаматтарға арналған 700 үй салынған. Елді мекенде балабақша жасындағы 45 бала тіркелді. Қазір мектепке дейінгі мекемеге құжат қабылдау жүріп жатыр. Нысан толықтай демеушілер қаржысына салынды.
Айнагүл Сұрағанова, облыстық білім басқармасының басшысы:
Кадрлық құрамы да толық қабылданып, осы «Бірлік» шағын ауданындағы кішкентай балаларымызды қабылдауға дайындалып жатырмыз. Медициналық құжаттарын дайындаған соң, балабақша толық жұмыс жасайтын болады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04