Шымкентте 217 үйге дабылқаққыш тегін орнатылады
Шымкентте жылу маусымы кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін тұрмысы төмен 217 отбасының баспанасына дабылқаққыш тегін орнатылады. Олардың барлығы дерлік қыс кезінде көмір жағатын үйлер. Бүгінгі таңда осы топтағы 89 шаңыраққа газ анықтағыш құрылғылар қойылып, 80-ге жуық үйдің мұржасы тазартылды. Мұнан бөлек көмір жағатын 4 мыңға жуық үйді аралап, өрт қауіпсіздігін түсіндіру жұмысын жүргізді. Былтыр қыста онда 11 адам газдан уланып қайтыс болды. Оның төртеуі көмірдің түтініне тұншығып қалған.
Әбдінұр Темірбай, Қаратау ауданы бойынша ТЖ басқармасының инженері:
Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне тағы да орнату жоспарлануда. Осы іс шара барысында тек газ анализатор қондырғылары ғана орнатылмайды. Және үгіт насихат жұмыстары жүргізіледі.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04