Израильдің шабуылынан Ливанның солтүстігіндегі ауылда 21 адам қаза тапты
Израиль Ливанның солтүстігіне де шабуыл жасауға кірісті. Соңғы мәліметке қарағанда, негізінен христиандар тұратын Айту ауылында зымырандық соққыдан тұрғын үй қирап, 21 адам қаза тапты.
Осыған дейін Израиль Ливанның оңтүстігі мен астанасы Бейрутте әскери операциялар жүргізген еді.
Дегенмен, дүйсенбі күні премьер-министр Биньямин Нетаньяху ескерткендей, Израиль енді «Хезболла» қарулы тобына бүкіл елде соққы бермек.
Былтыр Газа секторында соғыс басталғаннан кейін «Хезболла» палестиналық «Хамас» тобын қолдап, еврей мемлекетінің аумағына мыңдаған ракета атты. Сол үшін Израиль Ливанда «Хезболланың» позицияларын қиратамын деп, соңғы бір айда 2300-ден астам адамды мерт қылған.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 есе жұмысқа – екі есе ақы
26.06.2026, 20:16
Президенттің атынан отандық үздік БАҚ өкілдері марапатталды
26.06.2026, 20:15
Президент атынан БАҚ өкілдеріне 66 пәтер берілді
26.06.2026, 20:14
Мобильді аударым: 115 мыңға жуық адамға ескерту жіберілген
26.06.2026, 20:11
«Әділет» партиясында ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен Іскерлік кеңес құрылды
26.06.2026, 20:10
Оралда мұнай сервис кәсіпорындарының форумы өтті
26.06.2026, 20:10
Әлем жаңалықтарына шолу
26.06.2026, 20:10
Балалардың әлеуметтік желіні қолдануына тыйым салатын заңның тиімділігі тексеріледі
26.06.2026, 20:09